Рухани жаңғыру

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасын іске асыру мақсатында ақпан айының 17 сі технология пәнінің мұғалімі «Бауырсақ – қазақтың ұлттық тағамы» тақырыбына  практикалық сабақ өткізді.  

Мақсаты: Оқушыларды қазақтың ұлттық тағамы бауырсақтың дайындалу технологиясымен таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Сабақ барысында оқушылар бауырсақтың түрлерімен танысты. Қысқаша презентация көрсетілді. Қамыр илеп, іс жүзінде бауырсақ пісіру әдістері көрсетілді. Соңынан дастархан жайылып, қыздар сары баурырсақпен тәтті шәй ішті.

 

Халықаралық әйелдер күнi қарсаңында М. Ахметбеков атындағы орта мектебiнде Аютас селолық округiмен бiрiге ұйымдастырылған «Жақсы келiн — ырысың» атты келiндер сайысы өттi. Сайысқа ауылдан төрт келiн қатысып, өз өнерлерiн ортаға салып, «Нағыз қазақ келiнi» атағына таласты. Сайыс барысында көрермен ретiнде қатысқан жоғары сынып оқушылары қазақтың салт-сәстүрi мен әдет-ғұрпы жайлы көп мағлұмат алды. Нәтижесiнде «Нағыз қазақ келiнi» тағын Абуовтар әулетiнен сайысқа түскен Торғын Майданқызы жеңiп алды. Қатысушылар әртүрлi номинациялар бойынша округ әкiмiнiң грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Рухани жаңғыру Рухани жаңғыру Рухани жаңғыру Рухани жаңғыру Рухани жаңғыру Рухани жаңғыру

Абай жылының ашылуы

Ақпан айының 14 жұлдызында Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, философ, композитор, саяси қайраткер, реформатор Абай Құнанбайұлының 175 жылдығының ашылу салтанаты өтті: барлық сыныптарда ашық сабақтар мен жалпы мектептік саптүзеу. 2019 жылдың мамырында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Бұдан бөлек, мерейтойдың жалпыреспубликалық жоспары бекітілді. Абайдың 175 жылдығын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ (Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы) аясында тойланбақшы.

 

Мектептегі өлкетану мұражайы

 

 

 

  

«Қыз тәрбиесi — ұлт тәрбиесi»
(Аналар кеңесiнiң отырысы)

Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерiн қыз баланың бойына сiңiре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесi екенiн ұғындырып, әдептiлiкке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мол мейiрiмдiлiкке, төзiмдiлiкке, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу.

«Ханша» биi Өмiржанова Даяна

Жоспар:

  1. Кiрiспе сөз;
  2. «Тастанды бала» өлеңiн оқу;
  3. Шығармашылық жұмыс:
    I топ — «Ел болам десең бесiгiңдi түзе»
    II топ — «Қыз — қызғалдақ»
    III топ — «Қызым, саған айтам, келiнiм, сен тыңда»
  4. Жүргiзушiнiң қорытынды сөзi;

Қонақтар: Аналар кеңесi мүшелерi, Зейнет демалысындағы мұғалiмдер, мектеп ұстаздары, жоғары сынып қыздары.

I

Қазiргi заман қыз бала тәрбиесiне ерекше мән берудi талап етедi. Себебi қызды тәрбиелеу — ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы — қоғамның бiр бөлшегi. Ал отбасының алтын қазығы — әйел адам. Бесiгiнде жақсы тәрбие алған, үлгi — өнеге көрген қыз бала келiн болғанда да сол әдетiн сақтайды ғой. Сондықтан да бүгiнгi пiкiр алмасу кешiмiзде ұлттық салт-дәстүрiмiздiң қыз бала тәрбиесiне байланысты тұстарын бөлiп алып, абыройлы қыз, ибалы келiн тәрбиелеудi мақсат етiп қойдық.

Соңғы кездерi қыздардың арасында темекi тартып, нашақорлыққа бой ұрғандары да кездесiп жүр. Келешекте ондай әйелдер қандай ұрпақ әкеледi?! Онсыз да халқымыздың денсаулығына әсер етiп жатқан экологиялық факторлар аз ба? Қала бердi, тәнiн саудаға салып, жезөкшелiкке салынған қаракөздерiмiз де кездесiп отыр. Дүйiм жұртты дүр сiлкiндiрген тастанды балалар оқиғалары БАҚ мен әлеуметтiк желiлердi жаулап алды. Ең өкiнiштiсi — осы оқиғалардың жағымсыз кейiпкерлерi — оқушы қыздардың болуы.

II

  • Асылжан мен Мерейдiң орындауында «Тастанды бала»
  • ЖАНАЙҚАЙ
  • (көлiктiң терезесiнен лақтырылып, туа сала өлiм құшқан сəбидiң монологы)
  • Келдiм. Кеттiм. Мен сендерге не жаздым,

Анашым-ай, осыншалық неге аздың,
Жатырыңнан сəл кеңiрек көлiктен,
Басқа əлемдi көрсетпедiң неге аз күн?!

  • Анашым-ай,

Құлақ салшы, құрсағыңда бүрлегем,
Шаранаңмын бiр күн өмiр сүрмеген.
Сыртқы əлемнiң салқындығын сезушi ем,
Бiрақ мұнша суықтығын бiлмегем.

  • Сен жылытар деп ем тəнiм мұздаса,

(Алдандың ғой, жұрт сөкпес ед сiздi аса)
Кiм емедi айтшы соны, анашым, 
Сүтке толып, ақ мамаңыз сыздаса?!

  • Əдiлдiк пе туа сала өлмегiм,

Маған неге сұлу есiм бермедiң,
Шiлдехана жасамады əкем де
Атамның да түрiн неге көрмедiм?!

  • Əжетайым,

Жанды ауыртып, кiндiгiмдi жұлмалап,
Құтылуға асықтың-ау жылдам-ақ.
Бесiгiме бөлеп қойсаң мен сенiң,
Мазаңды да алмас ем ғой iңгəлап.

  • Болар ем ғой, қолғанатың, ермегiң,

Əзiрейiлiм боп шықтың ғой сен менiң.
Əжетай-ау, əлдилегiң келмесе,
Баласы жоқ жанға неге бермедiң?!

  • Əулетiңдi тұздай құртып жоймақ па ең,

(Тiлегiңдi қабыл етiп қойды əттең).
Əйнегiнен лақтырғанда көлiктiң,
Аспанға ұшып кетедi деп ойлап па ең?!

  • Қазағым-ай,

Сап-сау тудым, Ер болар ем ту алған,
Ерлiгiмдi намысыма суарған.
Қазақ деген елдiң ұлы болам деп,
Жатырыңа бiткен кезде қуанғам!

  • Қазағым-ай,

Қысқа күнде қырық өлең шығарған,
Ақын ұлттың ұлы болу — ұлы арман.
Мен, əу баста, Жаратқаннан сол үшiн,
Мына сенiң жатырыңа сұранғам!

  • Ей, адамдар,

Мен жолдамын, менi ұмытып кетпеңдер,
Аза тұтып жатыр маған Көк пен Жер,
Тым құрыса баспаңдаршы миымды,
Жинап алсын кептерлер!…

III

Бұндай жат қылықты қыздар қайдан шығады? Қоғамды түзетудiң, сауықтырудың кiлтi кiмде? Осал тұсымыз қай жер? Кiнәлi кiм? Отбасы ма, мектеп пе, ақпараттық ағым ба? Осындай рухани дағадарыстың себебiн iздестiрiп, содан шығудың жолдарын тауып көрейiк. Қазiр топтық шығармашылық жұмыс жасаймыз:

I топ — «Ел болам десең бесiгiңдi түзе» — қоғамдағы келеңсiз жағдайлардың себеп — салдарын анықтау;

II топ — «Қыз — қызғалдақ» — қазақ қызына тән қасиеттердi айту;

III топ — «Қызым, саған айтам, келiнiм, сен тыңда» аға ұрпақ әжелерiмiздiң ақыл-кеңестерiн тыңдау;

«Қазақ қызымын» Нүрпеiсова Меруерт

Қорытынды: Қыз баланың мына өмiрдегi мiндет-парызының жүгi ауыр, әрi ардақты. Ол — адамзат ұрпағын дүниеге әкелетiн болашақ ана, үй ұстап, күйеу күтетiн адал жар, ата-ана сыйлап, иiлетiн қамқор келiн. Ол осыны қаласын, қаламасын, бұл — өмiр заңы. «Жiгiттi тәрбиелеген — әскердi тәрбиелейдi, қызды тәрбиелеген — ұлтты тәрбиелейдi» — деген ғой дана халқымыз. Халықтың рухы, жаны, тарихы, арман-үмiтi болып табылатын тiлдi де, басқаша емес, «ана тiлi» деп атау тегiннен тегiн емес екенi анық. Бұл — ұлттың тiлi, дәстүрi, тарихы, әдебиетi мен мәдениетi жас ұрпақ бойына ана сүтiмен дариды деген сөз. Сондықтан қыздар өз бойын күтудi, нәрестелi болудың барысын бiлуi, соған iштей әзiрленiп, үйренуi тиiс. Ол өз халқының озық тәрбие дәстүрi, өткен-кеткен тарихы, өмiр салты жайында жақсы бiлiп, соны айтып бере алатын болса, нұр үстiне нұр.

Сөз соңында қыздарға мына өлең жолдарын арнағым келедi:

Өмiр қатал, кешiрмейдi ойынды,
Ұқпайды да кейде iзгi ойыңды.
Тағдыр жолың жiңiшкелеу өмiрде,
Жаман аттан аулақ ұста бойыңды.
Қыз ғұмырың үлпiлдеген гүл дер ем,
Тербетiлген ақ самалмен, күнменен.
Абайлап жүр, ерте үзуге тым құмар,
Тасбауырлар қадiрiңдi бiлмеген.
Байқа ботам, өте нәзiк жаның да,
Аңқау болма, қызыққа көп салынба.
Кiр келтiрме, қыз атыңа, арыңа,
Шалыс басып түсiп кетпе жалынға.
Төтеп берсiн дауылдарға желкенiң,
Сарқылмасын бал қылықты ертегiң.
Күрес еркем, жамандықпен жасымай,
Күндей нұрлы болу үшiн ертеңiң!

Ү

Осымен «Қыз тәрбиесi — ұлт тәрбиесi» атты сырласу кешiмiз өз мәресiне жеттi. Мәпелеп өсiрiп отырған бойжеткен қыздарымыз келешекте денi сау, рухы биiк, жаны жайдары, талабы зор, мақсаты айқын, жүрiс — тұрысы келiстi, тәрбиелi ару болып шығуларына тiлектестiз.

Рухани жаңғыру Рухани жаңғыру Рухани жаңғыру Рухани жаңғыру

 

 

https://youtu.be/01bLQdOIgQU

https://youtu.be/06iTLqnykW8

https://youtu.be/aMNPUq2oF_g

https://youtu.be/sm_wORbnUN0

https://youtu.be/7_YYiS7sy9Y

https://youtu.be/AGv8_Qy5hP4

https://youtu.be/9Fj6sIRiAw4

https://youtu.be/xF5bcePQWZQ

https://youtu.be/IcwP-J0lAIk

https://youtu.be/pqCxKt0BMNc

https://youtu.be/69Q5oIQgxxc

https://youtu.be/pDq11R2vTEA

https://youtu.be/mndwm3lq5xU

https://youtu.be/uNK00hTNsgg

https://youtu.be/Xq5-tAGVTMc 

 

М. Ахметбеков атындағы орта мектебінде 10 тамыз Абай күніне байланысты іс шаралар өткізілді. Абай Құнанбаайұлы- қазақ халқының қайталанбас ерекше тұлғасы. Абайдың әрбір сөзі даналық пен ойшылдыққа толы.

 

"Ұлы даланың ұлы есiмдерi" тақырыбында 9 сынып оқушыларына Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай ақынның музейіне онлайн саяхат жасалды..Саяхат мақсаты - ақын өмір сүрген ортамен танысып, күні бүгінге дейін сақталып келген шығармаларының маңызы мен мағынасын меңгеру..Ақын шығармаларымен танысу..
Нет описания фото.
 
М.Ахметбеков атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Темірбек София Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасына арнап жазған " Қыс "өлеңін мәнерлеп оқып берді...
 
Абай күнiне арналған ic-шара оқушылардың шығармашылық жұмыстармен жалғасты.9 сынып оқушысы Амантай Дариға "Абай Құнанбаев шығармалашылығының бiзге берер тәрбиесі атты эссе жазды..
 
10 тамыз қазақтың бас ақыны, әдебиетiмiздiң төрiнен орын алатын Абай Құнанбаевтың туған күні.Осыган орай М.Ахметбеков атындағы орта мектептің оқушылары хас ақынның шығармаларынан үзінділер оқыды.Әр шығармасында тәрбиелік мағынасы зор туындыларды оқушылар өмірлік ұстаным ретінде қолданатын болса игі.
 
 
М Ахметбеков атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Нурпеис Меруерт Ұлы Абай күніне арнап "Желсіз түнде жарық ай" әнін орындады. Абай атамыздың өнегелі сөздері кейінгі ұрпақты әлі де тәрбиелеп келеді.
 
15 қараша күні М.Ахметбеков атыдағы орта мектебінде Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында 5, 6 сынып оқушыларымен «Ботай – өркениеттің көне мекені» танымдық сағаты өтті. 11 сынып оқушылары Қоспанова Дильназ бен Қоспанова Гүлназдың жазғы демалыс кезінде Ботай қонысын аралап, дайындаған фото видео материалдарын оқушылар назарына ұсынды. Ботай қоныс-мекені - Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданының Никольск ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде, Иманбұрлық өзенінің (Есіл өзенінің оң жақ саласы) оң жақ құлама жағасындағы тегістелген еңіс алаңқайда орналасқандығы, және біздің облысымыздың мақтанышы екендігі түсіндірілді.
 
 
 
 
 
 
М Ахметбеков орта мектебінде 8 сыныбында "Болашакка бастар жол" атты сынып сағаты өтті. Видео көрсетілді. "Президент, Нұрсұлтан ,Елбасы" сөздеріне балалар постер жасап, оны қорғап шыкты. Рухани жаңғырудың бағыттарымен танысты. Онда жаңа сөздердің мағынасын ашып тәуелсіз елдің алға басуы үшін не істеу керектігін білді. Мақсаты: Болашаққа ұмтылу,елін, жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Заман ағымына сай білімді болу.