Мамандықтар калейдоскобы 16.05.2023
М.Ахметбеков атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары «Мамандықтар калейдоскобы» челленджіне қатысты. М.Ахметбеков атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары «Мамандықтар калейдоскобы» челленджіне қатысты.
Мамандықтар калейдоскобы 14.05.2023
М.Ахметбеков атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары «Мамандықтар калейдоскобы» челленджіне қатысты.
Мамандық таңдау маңызды іс 03.05.2023
Мамыр айының 3 - і күні мектепішілік жоспарға сай М. Ахметбеков атындағы орта мектебінің ресурс орталығына келген Социал, Алқа-ағаш және Ақсу негізгі мектебінің оқушыларымен кәсіби бағдар берушілер Уапова А.К. мен Оменова Д.Г. "Мамандық таңдау маңызды іс" атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында пікірталас сұрақтары, "Автор орындығы", мамандық таңдаудың әдіс-тәсілдері туралы айтылды, сонымен қатар, "Мен кіммін?" ойынын ойнады, соңында балалардың кәсіби бағытын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Іс-шара мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту; мамандықтар жөнінде мәліметтермен бөлісу.
Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжіне 26.04.2023
М. Ахметбеков атындағы орта мектебінің 11- сынып оқушылары сәуір айының 21-і өткен "Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжіне" ашық есіктер күніне экскурсияға барды.Кәсіби бағдар беру барысында оқушыларға арнайы медицина мамандарын даярлау бойынша және оқу орнының білім беру бағдарламалары туралы ақпарат беру мақсатында арнайы әзірленген бейнеролик, слайд көрсетілді.
Осы іс-шараның жалғасы ретінде оқушыларға алғашқы жәрдем көрсетуге, қан айналымын өлшеуге, сынған жерді таңуға үйретті. Оқушылар өздеріне қажетті ақпарат алды.
Еңбек - елдің мұраты 26.04.2023
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Еңбек - елдің мұраты" арнайы жобасын іске асыру және оқушыларға болашақ мамандық, оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі мен оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында 8 сынып оқушыларымен «Мамандықтар әлемі» атты дөңгелек үстел өтті. Оқушылар «Мамандық денгеніміз не?» деген сұраққа жауап берді, психологиялық тренинг өтті, «Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?» топтарда шығармашылық жұмыс жүргізіліп қорғалды, мұғалімнің қорытынды сөзі айтылды.
Мамандық таңдауда ата- ананың рөлі зор 18.04.2023
М. Ахметбеков атындағы орта мектептебінің 7-10 сынып оқушылары арасында " Мамандық таңдауда ата- ананың рөлі зор" тақырыбында дебат өткізілді. Мақсаты: «Мамандық» құндылығы туралы түсінік сферасын кеңейту. Мамандық таңдаудағы ата-ана міндеті, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышына қосар үлесі мен жеке тұлғаның әлеуметтік ашық қоғамға бейімделуіне, яғни әлеуметтенуіне ықпал ету.
Менің болашақ мамандығым 17.04.2023
М. Ахметбеков атындағы орта мектебінің 9- сыныбы және ресурс орталығына келген Социал негізгі мектебінің, Алқа-ағаш негізгі мектебінің оқушылары Жалел Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылық колледжіне "Менің болашақ мамандығым" атты ашық есіктер күніне қатысты. Экскурсия барысында оқушыларды колледжде оқытылатын әрбір саламен таныстырды. Айта кетсек: "Орман шаруашылығы", "Ветеринария", " Агрономия", " Зоотехник" т.б. Сонымен бірге, ауылшаруашылық техникасының түрлерімен де таныстырды.
«JuniorSkills-2023» кәсіптік байқауына 11 сынып оқушысы Нұрпейіс Меруерт қаты 20.02.2023
Ж.Қизатов атындағы жоғары уыл шаруашылық колледжі ұйымдастырған «JuniorSkills-2023» кәсіптік байқауына 11 сынып оқушысы Нұрпейіс Меруерт қатысып, жүлделі ІІІ – орынды иеленді. Байқаудың мақсаты: оқушылардың бойындағы білім мен аспаздық өнерін ұштастырып, қабілетін шындау, кәсіби білім биігінен көрінуге талпындырып, осы сайыс арқылы Үздік аспазды анықтау. Оқушылардың өз бетімен тағам түрлерін жасай білуін, және аспаздық қабілетін дамыту. Қыз баланы ас мәзірін дайындау кезінде тиянақты, ұқыпты, таза жұмыс жасауға тәрбиелеу. Іздену және ойлау қабілетін, арнайы пәндерге қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге ықпал ету, өз бетінше іздену жұмысына баулу.
Оқушының мәдени нормативі 16.02.2023
«Оқушының мәдени нормативі» Республикалық мәдени-білім беру жобасын іске асыру аясында "Театр" бағыты бойынша мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері Шал ақын ауданындағы мәдениет үйінде С.Мұқанов атындағы қазақ сазды - драма театрының "Ауыл - Елдің рухы" атты қайырымдылық гастрольдік қойылым аясындағы "Қаңбақ шал" атты қойылымын тамашалап қайтты.
Мақсаты: Ұлттық коды жаңартылған, бәсекеге қабілетті, көпмәдениетті тұлғаны жандандыру үшін қазақстандық оқушылардың мәдени-адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие 15.02.2023
Тәрбие жоспарының «Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие» бағытына сәйкес және оқушыларға кісіби бағдар беру мақсатында «Менің болашақ мамандығым» атты суреттер байқауы өтті.
Кәсіптік бағдар, болашаққа бағдар 15.02.2023
Мектебіміздің ресурс орталығындағы Алқағаш, Ақсу, Социал негізгі мектептерінен келген 8, 9- сынып оқушыларымен "Кәсіптік бағдар, болашаққа бағдар" тақырыбында пікір алмасу өтті.
Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру; өзін өзі тану аймағын кеңейту; еңбегімен елге еленген өскелең ұрпаққа үлгі ретінде ауылымыздың еңбек ардагерлерімен таныстыру; мамандық әлемінен ақпараттар алу; қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол бағытқа бағыттау.
11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру 03.02.2023
Ағымдағы жылдың 2 ақпанында «М. Ахметбеков атындағы орта мектебі» КММ-де 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Онда кәсіптік бағдар берушілер оқушыларға «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академисы » туралы айтып берді.
Көкшетау жоғары техникалық колледжі туралы айттылды 12.01.2023
М.Ахметбеков атындағы орта мектебінде түлектерге кәсіптік білім беру жұмысының жоспарына сай Көкшетау жоғары техникалық колледжінің білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді. Іс шара барысында оқушылар оқуға түсу шарттары мен колледж беретін мамандық түрлерімен таныстырылды. Оқу орнына виртуальді саяхат- видеоролик көрсетіліп, буклеттер таратылып берілді.