Кәсіби бағдар беру

«JuniorSkills-2023» кәсіптік байқауына 11 сынып оқушысы Нұрпейіс Меруерт қаты 20.02.2023

Ж.Қизатов атындағы жоғары уыл шаруашылық колледжі ұйымдастырған «JuniorSkills-2023» кәсіптік байқауына 11 сынып оқушысы Нұрпейіс Меруерт қатысып, жүлделі ІІІ – орынды иеленді. Байқаудың мақсаты: оқушылардың бойындағы білім мен аспаздық өнерін ұштастырып, қабілетін шындау, кәсіби білім биігінен көрінуге талпындырып, осы сайыс арқылы Үздік аспазды анықтау. Оқушылардың өз бетімен тағам түрлерін жасай білуін, және аспаздық қабілетін дамыту. Қыз баланы ас мәзірін дайындау кезінде тиянақты, ұқыпты, таза жұмыс жасауға тәрбиелеу. Іздену және ойлау қабілетін, арнайы пәндерге қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге ықпал ету, өз бетінше іздену жұмысына баулу.

 

 

Оқушының мәдени нормативі 16.02.2023

«Оқушының мәдени нормативі» Республикалық мәдени-білім беру жобасын іске асыру аясында "Театр" бағыты бойынша мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері Шал ақын ауданындағы мәдениет үйінде С.Мұқанов атындағы қазақ сазды - драма театрының "Ауыл - Елдің рухы" атты қайырымдылық гастрольдік қойылым аясындағы "Қаңбақ шал" атты қойылымын тамашалап қайтты.

Мақсаты: Ұлттық коды жаңартылған, бәсекеге қабілетті, көпмәдениетті тұлғаны жандандыру үшін қазақстандық оқушылардың мәдени-адамгершілік қасиеттерін дамыту.

 

Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие 15.02.2023

Тәрбие жоспарының «Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие» бағытына сәйкес және оқушыларға кісіби бағдар беру мақсатында «Менің болашақ мамандығым» атты суреттер байқауы өтті.

 

 

Кәсіптік бағдар, болашаққа бағдар 15.02.2023

Мектебіміздің ресурс орталығындағы Алқағаш, Ақсу, Социал негізгі мектептерінен келген 8, 9- сынып оқушыларымен "Кәсіптік бағдар, болашаққа бағдар" тақырыбында пікір алмасу өтті.

Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру; өзін өзі тану аймағын кеңейту; еңбегімен елге еленген өскелең ұрпаққа үлгі ретінде ауылымыздың еңбек ардагерлерімен таныстыру; мамандық әлемінен ақпараттар алу; қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол бағытқа бағыттау.

 

11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру 03.02.2023

Ағымдағы жылдың 2 ақпанында «М. Ахметбеков атындағы орта мектебі» КММ-де 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Онда кәсіптік бағдар берушілер оқушыларға «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академисы » туралы айтып берді.

 

Көкшетау жоғары техникалық колледжі туралы айттылды  12.01.2023

М.Ахметбеков атындағы орта мектебінде түлектерге кәсіптік білім беру жұмысының жоспарына сай Көкшетау жоғары техникалық колледжінің білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді. Іс шара барысында оқушылар оқуға түсу шарттары мен колледж беретін мамандық түрлерімен таныстырылды. Оқу орнына виртуальді саяхат- видеоролик көрсетіліп, буклеттер таратылып берілді.