Библиотека
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу, "Кітап оқитын мектеп" жобасы, балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы аясында М.Ахметбеков атындағы орта мектебі кітапханашысы Нұрқанова Г. М. барлық жастағы балаларды оқуға тарту үшін БУККРОССИНГ ұйымдастырды.
Бұл акцияның негізгі мақсаты мектеп кітапханасының кітап қорын ұлғайту және байыту болып табылады. Сондай-ақ игі іс жасау, яғни сүйікті кітабыңызды басқа оқырмандармен бөлісу және оларға әртүрлі жанрдағы кітаптарды оқуға мүмкіндік беру. Бұл акцияның ерекшелігі-ешқандай оқырманға формуляр ашылмайды және акцияға берілген кітапты алған оқырман оның кітапқа қаншалықты жауапты екенін білуі керек. Яғни кітапты қайтарып алу-оқырманның басты міндеті.
"Оқыңыз және басқаларға ұсыныңыз!"Буккроссинг жобасының ұраны. .
Балалар оқығандарынан алған әсерлерімен бөлісті.
 
 
 
 
 
 
Тәуелсіздік! Ата-бабамыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік!
Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Міне, содан бері 30 жыл.
Осы орайда М. Ахметбеков атындағы орта мектебінің кітапханасында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасау. ҚР 30 жылда жеткен жетістіктерін көрсету. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрмеде елдің 30 жылдағы өрлеу кезеңі туралы баяндайтын құнды кітаптар оқырмандар назарына ұсынылды .