«Тәуелсіздік –тұғырым» аттысалтанатты жиын
«Тәуелсіздік –тұғырым»
ҚР тәуелсіздігінің 33 жылдығына арналған салтанатты жиын
Фанфары
І жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар!
2 жүргізуші:
ҚР тәуелсіздігінің 33 жылдығына арналған «Тәуелсіздік –тұғырым» аттысалтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.
Гимн
І жүргізуші:
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді?!
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
2 жүргізуші:
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге өрледі.
1 жүргізуші:1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР-ның мемлекеттік Тәуелсіздігі жөнінде Конституциялық заң қабылданып, Қазақстан тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Төрткүл дүниені дүркіретіп, 70 жыл бойы көзімізді көлегейлеген перде сыпырылды.
2жүргізуші:
Тәуелсізбін, егеменмін, еркінмін,
Көңілім көкке шарықтады, серпілдім.
Көкірегім мұздап еді, ерідім,
Домбырадай күмбірледі көңілім.
І жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Молгаждаров Байназар Жанайдаровичке беріледі
2жүргізуші: Біздің ата-бабамыз жанқиярлықпен табанды күрес арқасында өзінің елін, жерін бірлік-берекесін сақтады. Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Еркін де ерікті ел болдық. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев : «Қазақстан - біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихи Отаны», -деді. Сол тарихи Отанымызды әлем мемлекеттерінің бәрі дерлік танып, мойындап отыр.
1 жүргізуші:
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген.
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
Жаман үйдің қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артығы жоқ өз тілінен
2 жүргізуші: Құттықтау сөз тарих пәнінің мұғалімі Қасымова Роза Хамзиновнаға беріледі
1жүргізуші: 1986 жылы 16 желтоқсан ызғарлы қыста қазақ елінің азаттығы үшін солақай саясатқа қарсы шығып, бас көтеріп, құрбан болған ұл-қыздарымыз қаншама?!
«Желтоқсан желі ызғарлы» сахналық қойылым
І жүргізуші:
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.
2 жүргізуші:
Көзіме бүгін жас келіп тұр,халайық.
Әрбір істі зердеге алып қарайық.
Тәуелсіздік жолында жан пида еткен,
Ерлерімізді есімізге алайық.
ІІ жүргізуші: 1996 жылы 9 желтоқсанда президент жарлығымен Қайрат Рысқұлбековке ҚР «Халық қаһарманы»атағы беріліп, айрықша ерекше белгісімен «Алтын жұлдыз »тапсырылды.
І жүргізуші:
Сондай-ақ Сабира, Ләззат, Ерболға «Ақтау» жөніндегі анықтама қағаз берілді. Егемендік жолында құрбан болған ұл-қыздарымызды мәңгі ұмытпай, ерлігін есте сақтап құрметтеу перзенттік парызымыз.
Ән «Туған жер» (Нұрасыл, Малика)
І жүргізуші:
Тәуелсіздік, тәуелсіздік жыр әнім,
Ел іргесі берік болсын ұраным.
Тәуелсіздік өзіңді еркін сезіну,
Салт-дәстүрім қолдап тұрсын құралын.
2 жүргізуші:
Тәуелсіздік ! Не деп оны түсіндік,
Тәуелсіздік, ар-ұжданы кісілік.
Тәуелсіздік - менің байтақ отаным,
Бір өзіңсің Мұқтар, Абай, Шоқаным.
І жүргізуші:
Тәуелсіздік сәбилердің шаттығы.
Тәуелсіздік ақ батасы ананың.
Тәуелсіздік, тәуелсіздік жыр-әнім,
Көк байрағым Елтаңба, Әнұраным.
2 жүргізуші: Оқушылар дайындаған әдеби мотажға кезек береміз
«Қазақстан егемен елім» әні орындалады («Жас толқан» тобы)
І жүргізуші: 1 сынып оқушыларын «Жас қыран», 5 сынып оқушыларын «Жас ұлан» ұйымы қатарына қабылдау салтанатына кезек береміз.
І жүргізуші:
Еркіндігім. Қасиетім. Қастерім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер, мұң!
Кеше сенің келбетінді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердік!
Уа,Еркіндік!
Қош келдің!
ІІ жүргізуші:
Тәуелсіздік! Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне, азаттығым, теңдігім.
Шешіл енді шермен болған шерлі үнім.
Өзіңдікі –Елің де, Өзіңдікі – Жерің де.
Өзіңді өзің еткен Бақ –Тәуелсіздік төріңде.
ӘН «Туған ел» (Жанна Мансуровна, Әсель Маратовна)
І жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні құтты болсын.Ел қорғаған ерлер рухына тағзым етіп, құрмет көрсетіп, мақтан тұту біздің парызымыз. Қойыны құт, қазыналы Қазақстанымызды мақтан ете отырып әрқашанда Отанымызды қорғауға , гүлдендіруге, көркейтуге үлес қосайық. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
2 жүргізуші: Осымен ҚР тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік –тұғырым» атты салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.
Дата публикации: 13.12.2024