«Ананың алақаны» фотожобасы
Мен, Қалиолла Мирас «Ананың алақаны» фотожобасына анам Жазгүлдің аялы алақанын ұсындым. Ол ұлағатты ұстаз ғана емес, сонымен қатар мейірімі мен парасаты мол ана. Ол өзінің педагогикалық қызметінде шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беріп қана қоймай, өз отбасында да ізгілік пен ұлттық құндылықтарға негізделген тәлім-тәрбие беріп отырған ардақты ана. Ұстаз ретінде жауапкершілігі жоғары, шығармашыл, әділ, әріптестері мен ата-аналар арасында сыйлы. Ана ретінде балаларына үлгі болып, отбасында жылылық пен татулықтың ұйытқысы бола білген жан. Ол – тек өз балаларына емес, жүздеген шәкірттерге ана бола білген жүрегі кең, жан дүниесі бай тұлға. Отбасындағы ата-аналық парызын үлкен абыроймен атқарып келеді.
 
 
 
Дата публикации: 14.05.2025