"Заңды сақтау — әділеттіліктің негізі" атты БПФ форматында пікірсайыс
24 қаңтар М. Ахметбеков атындағы орта мектебінде «Заң және тәртіп» айы аясында"Заңды сақтау — әділеттіліктің негізі" атты БПФ форматында пікірсайыс өтті. Мектепішілік пікірсайыстың өтуі оқушылардың таным көкжиегін кеңейтуге және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады. БПФ (Британдық парламенттік формат) түрінде ұйымдастырылған дебат қатысушыларға өз көзқарастарын дәлелді түрде қорғауға, қарсылас топтың пікірін сын тұрғысынан бағалауға және тиімді диалог құруға мүмкіндік берді.
Осындай пікірсайыс жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, заңды сыйлау мен әділеттілік қағидаттарын тереңірек түсінуге ықпал етеді.
Дата публикации: 24.01.2025