Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар
Қазақ халқы балаға ел -жұртын білуге ерекше көңіл бөлген , әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың ел-жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. "Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар" деген аталы сөзді арқау етіп, балаларға ата тарихын жастайынан жаттатқан жөн екенін ұғындырып және ер-азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүйгіштікке баулу мақсатында 8-сынып оқушылары әкесінен бастап өздерінің шыққан ата - тегімен, руымен таныстырды.
Дата публикации: 16.03.2023