«Жер сағаты» акциясы
28.03 күні халықаралық экологиялық «Жер сағаты» акциясына М.Ахметбеков атындағы орта мектебінің ұжымы мен оқушылары белсене қатысты. Бұл шараның мақсаты – табиғатты қорғау, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру, энергияны үнемдеу мәдениетін қалыптастыру және климаттың өзгеруі мәселесіне қоғам назарын аудару. Оқушылар «Жер сағаты» акциясы аясында отбасымен тиімді уақыт өткізіп, бірге кітап оқып, рухани дамуға көңіл бөлді. Бұл бастама отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасын нығайтып, бос уақытты пайдалы әрі мазмұнды ұйымдастыруға ықпал етті. Шара аясында бір сағатта адамдар жарықты және электр құрылғыларын өшіру арқылы табиғатқа жанашырлық көрсетті.
Возможно, это изображение карта   Возможно, это изображение учеба и текст "Best Эдет!"
Дата публикации: 28.03.2026