Виртуальды саяхат
Нұрсұлтан қаласының тарихи- мәдени орындарымен таныстыру мақсатында оқушыларға виртуальды саяхат жүргізілді. Бас қала Астананың тарихы туралы әңгімелеуден бастаған, соңғы үлгіде салынған кеңселер мен көздің жауын алатын тұрғын үйлер, сәулет өнеріндегі үздік туындылар, музыка әуеніне елтіген су бұрқақтары, «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы, Пирамида, «Астана-Бәйтерек» және т.б. мәдени орындар жайында тың мәліметтер беріп, виртуалды саяхатты жалғастырды.
Виртуалды саяхатты тамашалаған оқушылар өз көзқарастарын білдіріп, пікірлерімен бөлісіп шарадан үлкен әсер алып қайтты.

Дата публикации: 07.07.2022