Ұлы Жеңістің 80-жылдығы қарсаңында өтетін «Патриот» айлығының ашылу салтанаты
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Менің Қазақстаным» жобасын іске асыру мақсатында сәуір айының 21-і (дүйсенбі) күні оқушылар сап түзеп, лездемеге жиналып, әнұран орындады. Сәуір айы – Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы. Апта дәйексөзі: «Болашағы зор мамандықтар жоқ, тек болашаға зор мамандар бар». Ұлы Жеңістің 80-жылдығы қарсаңында өтетін «Патриот» айлығының ашылу салтанаты өтті. Мектеп директоры Б.Ж.Молгаждаровтың құттықтау сөзінен кейін тарих пәнінің мұғалімі Қасымова Р.Х. «Ұлы Жеңіске 80 жыл» тақырыбына баяндама оқыды. Оқушылар «Өшпес ерлік» тақырыбына әдеби монтаж қойды. Қасымова Мерей өз шығармашылығынан «Ардагерлерге тағзым» өлеңін оқыды. Жоламан Аружанның «Мәншүктің монологын» оқыды.

Дата публикации: 21.04.2025