Telegram мессенджерінде «Bala QORGAÝ»

М.Ахметбеков атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Кәрім М.А. оқушылрды Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан Telegram мессенджерінде «Bala QORGAÝ» (Бала Қорғау) чат-каналы қолданыста екені жайла ақпараттандырды. Чатты ашудың мақсаты кәмелеттік жасқа толмаған балаларға құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ педагогтардың әдепке жатпайтын мінез-құлық фактілері бойынша хабарламаларды анықтау.

Егер жоғарыда көрсетілген фактілер туралы белгілі болса, облыс, аудан, ауыл, білім беру ұйымының атауы көрсете отырып, аталған чатқа ақпаратты жіберуге болады.

Аталған сілтемелер ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан шұғыл шаралар қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберілетін болады.

Чат-каналға қосылу үшін Telegram қосымшасының браузерінде «bala_qorgau» деп көрсету керек.

 

Дата публикации: 18.11.2022