"Таза Қазақстан" акциясы аясындағы бейсенбілік
2026 жылдың 2 сәуірінде М.Ахметбеков атындағы орта мектебінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының аясында бейсенбілік өтті. Қоғамда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына 8- сынып оқушылары мектеп ауласы мен көшесін қар астынан шыққан қоқыстан тазартты. Бейсенбіліктің басты мақсаты – қоршаған ортаны тазарту, ауылдың санитарлық жағдайын жақсарту және оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыру.
#СҚОбілімдепартаменті
#Шалақынбілімбөлімі
#Адал_азамат_Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#ТазаҚазақстан





Дата публикации: 02.04.2026