"Тәуелсіз Қазақстанның рәміздері"
Елдің елдігін, халықтың бітім-болмысын көрсететін ұлттық құндылықтарымыз – мемлекетіміздің рәміздері.
2 маусым күні мектептегі кітапханада Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне арналған "Тәуелсіз Қазақстанның рәміздері" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты - қазақстандық патриотизм, қазақстандықтардың Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.
1992 жыл тарихи оқиғаларға толы жыл. Тарихи оқиғалардың ішінде Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңбаны қабылдау сәттері болды. Осы даталармен бірге Қазақстан тарихында тәуелсіздік нышандарын жасаған: суретші Шәкен Ниязбеков (Ту авторы), сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков және Шота Уәлихановтың (Елтаңба авторлары) есімдері мәңгі есте қалды.
2006 жылы тағы бір маңызды оқиға болды. Ол Еліміздің жаңа әнұраны қабылданды. Ақын Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған, кейін Президент Н.Ә. Назарбаев кейбір түзетулер енгізген Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" атақты әні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранына айналды.
 
 
Дата публикации: 02.06.2022