Соңғы қоңырау

М.Ахметбеков атындағы орта мектебін биыл 16 оқушы тәмамдады. Олар үшін маусымның 1-і соңғы қоңырау соғылды. Мектеп алаңында оқушылар, ата-аналар, ұстаздар қауымы салтанатты жиынға қатысты. Жиын барысында мектеп директоры Есен Темиргалиевич Баржаксин түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтап, сәт сапар тіледі. Аютас селолық округінің бас маманы Байбатыров Мейрам Абуович құттықтау сөзін елімізде болып жатқан оң өзгерістерден бастап, сөз соңында түлектерге елжанды болу тілегін білдірді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Өмірсерік Сырымович Исмағамбетов оқу жылының қорытындысымен таныстырып, оқушылар мен мектеп ұстаздарына жыл бойы әртүрлі сайыстарға қатысып жеңіп алған мақтау қағаздарын табыстады. Ата-аналар атынан сөз алған Мұхамеджанова Әсем ұжымының жұмысына оң бағысын беріп, алдағы уақытта да осындай жетістіктерге жетуімізге тілектес екенін айтты. Ауыл ақсақалы Қайролла ата түлектерге ақ батасын берді. Түлектер өз өнерлерін ортаға салып, ұстадарына, ата – аналарына алғыстарын білдірді. Іс-шара көтеріңкі көңіл күйде өтті.

Дата публикации: 01.06.2023