Маусым айының 24-і күні М.Ахметбеков атындағы орта мектебінде мектеп бітіргендеріне 50- жыл болған түлектердің кездесуіне арналған «Самғатқан сан қыранды алтын ұям» атты салтанатты жиын өтті. Кезінде тай-құлындай тебісіп, қатар өскен Ленин орта мектебінің 1973 жылғы түлектері араға елу жыл салып, еліміздің түкпір-түкпірінен ауылға жиналды. Бүгінде ақжаулықты ана атанып, ел ағасы болған сыныптастар үлкен өмірге қанат қақтырған білім ордасына құрмет көрсетіп, жастық шақты сағынышпен еске алуды. Осыдан елу жыл бұрын үлкен өмірге қанат қаққан түлектер қазір еліміздің әр аймағында, сан салада табысты еңбек етіп, зейнет демалысында. Бірі қаржыгер, бірі кәсіпкер, енді бірі аяулы ұстаз болды. Қай-қайсысы болмасын ауылдың мақтанышы. Келген қонақтарды мектеп ұжымы мен оқушылар құшақ жая қарсы алып, мерекелік атмосфера құрды. Өздерінің құттықтау сөздерінде округ әкімі Шаинов С.Қ. пен мектеп директоры Баржаксин Е.Т. мектеп пен ауылда болып жатқан оң өзгерістерге тоқталып, қонақтарға игі тілектерін айтты Ұстаздары да өткен шақтарын еске алып,
өздерінің оң лебіздерін білдірді. Өз кезегінде 50 жылдық түлектер мектептің қазіргі ұжымына шығармашылық табыстар тілеп, сыйлықтарын табыс етті.