«Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» атты жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаты
Дүниежүзілік денсаулық күні — жыл сайын 7 сәуірде аталып өтетін халықаралық күн. Бұл күннің басты мақсаты — адамдардың денсаулығына назар аудару және салауатты өмір салтын насихаттау. Бұл күнді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 1948 жылы құрылғанына байланысты бекіткен. Бүгін М.Ахметбеков атындағы ота мектебінің барлық сыныптарында «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» атты жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаты өтті.
Сабақ мақсаты
Мектеп оқушыларына маңызды өмірлік құндылық және жеке әрі қоғамдық әл-ауқаттың негізі ретінде салауатты өмір салтын ұстануға тұрақты талпынысты қалыптастыру.
Міндеттері
- мектеп оқушыларының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері туралы білімін кеңейту;
- физикалық және психикалық денсаулыққа жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыру;
- өзін-өзі реттеу, күйзеліске төзімділік және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту;
- дене белсенділігін және дұрыс тамақтану мәдениетін насихаттау;
Дата публикации: 07.04.2026
