«Рәміздер - рухымыз, ар –ожданымыз»
4 маусым - Қазақстан Республикасының рәміздері күні қарсаңында тәлімгер Абильмажинова Әсемгүл Жамбыловна оқушыларға «Рәміздер - рухымыз, ар –ожданымыз» тақырыбына ақпараттық сабақ өткізді. Мақсаты: оқушыларды аса маңызды мемлекеттік рәміздеріміз – Елтаңба, Ту, Әнұранмен таныстыру, Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу. Сынып сағаты еліміздің Гимнімен басталды. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екені, оны құрметпен мақтан тұту керектігі айтылды.. Сонымен қатар еліміздің рәміздері көрсетіліп, тарихы, авторлары жайында айтылды. Оқушылар өздерінің білетіндерін ортаға салып, өздерінің ойларымен бөлісті.





Дата публикации: 04.06.2022