«Рахмет саған, Әліппе!» атты ертеңгілік
Желтоқсан айының 24-і М.ахметбеков атындағы орта мектебінің 1- сынып оқушыларына «Рахмет саған, Әліппе!» атты ертеңгілік өтті.
Бұл – тек қана қоштасу емес, сонымен қатар білім әлеміне алғашқы қадамды сәтті аяқтаған күн. Осы уақыт аралығында балалар әріптерді танып, сөз құрауды, оқуды және жазуды үйренді. Әліппе арқылы олар кітаптың сиқырлы әлеміне еніп, танымдарын кеңейтті.
Мерекеде оқушылар әдемі өлеңдер оқып, қызықты әндер айтып, ата-аналарына өз жетістіктерін мақтанышпен көрсетті.
Әліппемен қоштасу – бұл тек бастамасы! Алда балаларды үлкен жетістіктер мен жаңа білім шыңдары күтуде.
Балаларымыздың білімге деген құштарлығы ешқашан сөнбесін!
 
Дата публикации: 24.12.2024