22 сәуір күні мектебімізге Есіл ауданының Петровка аграрлы-техникалық колледжінің өкілдері келіп, кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында колледж өкілдері 11-сынып оқушыларына оқу орны туралы жан-жақты ақпарат берді.
Олар колледждегі білім алудың артықшылықтары мен оқытылатын мамандықтар жайлы кеңінен таныстырды. Атап айтқанда, оқу орнында аспазшы, сатушы, дәнекерлеуші және жол жөндеу жұмыстарының жүргізушісі мамандықтары бойынша білім беріледі.
Сондай-ақ, оқу мерзімі туралы мәлімет берілді: 11-сыныптан кейін оқу ұзақтығы – 10 ай, ал 9-сынып негізінде – 2 жыл 10 айды құрайды.
Колледжде студенттерге жатақхана ұсынылып, күніне үш мезгіл тегін тамақ беріледі. Бұдан бөлек, білім алушыларға ай сайын 43 534 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.
Қамтылған оқушылар саны – 22
https://www.facebook.com/share/p/18PUprHNpA/
.jpg)