Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ашық есік күні ұйымдастырылды
29 сәуір күні М.Ахметбеков атындағы орта мектебінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара ата-аналар мен ұстаздардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Ашық есік күні барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері, оларды көрсету мерзімдері, қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді электронды форматта алу мүмкіндіктері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп әкімшілігі келген ата-аналар мен ұстаздарға жеке кеңестер беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Аталған іс-шара мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесіне азаматтардың сенімін арттыруға ықпал етті.
Дата публикации: 29.04.2026