«Мектепке жол» акциясының қорытындысы
«Мектепке жол» акциясының қорытындысы
Шал ақын ауданы Ы.Ыбыраев ауылы «М.Ахметбеков атындағы орта мектебі» КММ «Мектепке жол» республикалық акциясы 1-ші тамыздан 30-шы қыркүйекке дейін өтті.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Облыстың білім беру ұйымдарында оқушыларға мектепке дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылды. Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін «жедел желілер», «сенім» телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, әлеуметтік серіктестерді, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп, көмекке мұқтаж балаларға материалдық көмек көрсетілді.. Республикалық акция күнтізбелік жыл бойы жалғасатынын айта кеткен жөн.
Еліміздің қолы ашық, жүректері кең азаматтары барына ризашылығымызды білдіріп, Ы.Ыбыраев ауылының шаруа қожалықтарына үлкен алғысымызды білдіреміз. Атап айтсақ: «Голден – Брейн»шаруа қожалығы-Айдынбеков Т.Д, ТО «Асыл логистик»- Балғынбеков К.С, «Ибраево» шаруа қожалығы – Қозыбаев Қ.Б., «Ерхан-Агро» шаруа қожалығы- Кажрахимов Ү.О., «Жер» шаруа қожалығы – Таласбаева Г.К., жеке кәсіпкер Кәрім М.Ж.
Мектеп әкімшілігі.

Дата публикации: 28.09.2021