Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде өткен профориентациялық «Ашық есік күні» іс-шарасы
Сәуірдің 3-і күні мектебіміздің 10-сынып оқушылары Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде өткен профориентациялық «Ашық есік күні» іс-шарасына қатысып қайтты.
Оқушыларға жетекшілік еткен – мектебіміздің кәсіби бағдар беруші мұғалімі Сабитов Қайрат Сабитович.
Іс-шара барысында оқушылар университеттің түрлі факультеттері ұйымдастырған презентациялық бағдарламаларға қатысып, мамандар даярлайтын 7 факультеттің мүмкіндіктері мен жетістіктерімен жан-жақты танысты. Әсіресе, Агротехникалық және Педагогикалық факультеттер оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Сонымен қатар, оқушылар Агротехникалық факультеттің зертханасында болып, оқу үдерісінде қолданылатын заманауи құрал-жабдықтармен танысты.
Бұл сапар оқушылардың болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырып, үлкен әсер қалдырды. Олар көтеріңкі көңіл-күймен, жаңа әсерлермен оралды.
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст
Дата публикации: 03.04.2026