23 сәуір М.Ахметбеков атындағы орта метебінің оқушылары «Құстарға үй» акциясына қатысты.
«Құстарға үй» акциясы – оқушылардың табиғатқа қамқорлық жасауын, экологиялық мәдениетін қалыптастыруды мақсат ететін пайдалы шара. Бұл акция барысында балалар құстарға арнап ұя (скворечник) жасап, оларды ағаштарға ілді.
Акцияның негізгі мақсаттары:
– Құстарды қорғау және оларға қолайлы орта жасау
– Оқушыларды еңбекке, шығармашылыққа баулу
– Табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу
Оқушылар мұғалімдермен және ата-аналармен бірге ағаштан құстарға арналған ұялар жасады. Дайын болған ұяларды мектеп ауласына ілді..
Нәтижесінде бұл акция арқылы оқушылар табиғатқа жанашырлық танытып, құстардың тіршілігімен жақынырақ танысты. Сонымен бірге қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсінді.
Қамтылған оқушылар саны - 15
#Адал_азамат_Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#Әділдік_пен_жауапкершілік
#ТазаҚазақстан
#Қамқор_жобасы
https://www.facebook.com/share/p/18NQtbaKcv/
.jpg)