25 мамыр 4 – сынып оқушылары мен ата – аналары үшін ерекше күн болды. Оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп - кішкентай балғындар енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр. Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы – мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы мектеп қабырғасында өтеді. Және білім нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған ұстаз мәңгілік есте қалады. Қажет болса, махаббат атаулысының өзі осы кезеңде орын алады. Биыл 4 – сыныпты 5 оқушы аяқтағалы тұр.Бастауыш мектепппен қоштасу кешіне ата-аналар мен ұстаздар қатысып, оқушылардың өнерлерін тамашалады. Алғашқы ұстаздары Роза Халеловна өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, оқушыларға ақ жол тіледі. Ата-ааналар да өз тілектерінде балаларына мықты денсаулық, бақытты балалақ шақ тілеп, ұстаздарға алғыстарын айтты. Кеш соңында оқушыларға естелікке фотоальбом сыйға тартылды.
Біз әлеуметтік желілердеміз