Халық жауларын

2023 жылдың 24-30 мамыр күндері аралығында М.Ахметбекова атындағы орта мектебінің кітапханасында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Жаралы жылдар жаңғырығы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Бұл дата Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды.

Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді.

Дата публикации: 25.05.2023