Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты
Мектептің тәрбие жоспарына сәйкес тәрбиенің «Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты» бағыты бойынша мектеп медбикесі жоғарғы сынып оқушыларымен «Сауықтырудың дәстүрлі емес әдістері туралы не білеміз?» атты әңгіме жүргізді.
Оқушылар психофизиологиялық жаттығу, Шығыс медицина тәсілдерімен сауықтыру (йога, цигун және т.б), массаж және өзіндік массаж – денсаулықты сақтаудың және нығайтудың нәтижелі іс-шаралары екенін білді. Өзіндік регуляция және релаксация (аутотренинг, медитация, вакало және музыкотерапия, т.б), тыныс алу гимнастикасы және оның денсаулыққа әсері, аромотерапия, фитотерапия және фитопрофилактика туралы білімдерін кеңейтті.
Дата публикации: 25.01.2023