"Дала фольклоры мен музыкасына мың жыл"
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ фольклоры мен музыкасын сақтау және ілгерілету мақсатында "Дала фольклоры мен музыкасына мың жыл"арнайы жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба жастарды ұлттық өнер мен фольклорға баулуға, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеуге бағытталған.
Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі "Тұлпар мініп, ту алған"конкурсын өткізуде. Мектебіміздің 3 оқушысы: Құдайберген Шапағат, Қойшыбай Асылжан, Жоламан Аружан осы байқаудың аудандық кезеңіне қатысып, жақсы өнер көрсетті. Мұғалімі Ережепова Ж.Д. Байқау аясында оқушылар «Ер едіге» эпосын жатқа оқып және түсіндірді, сондай-ақ архаизмдерді, топонимдерді, нақты тарихи күндер мен оқиғаларды білуде жарысты.
Бұл байқау сонымен қатар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына да орайластырылып отыр.
 
 
 
 
 
 
Дата публикации: 12.11.2021