Балалық шақ әлемі қандай ғажап!

Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» флешмоб өткізілді. Спорттық флешмобқа М.Ахметбеков атындағы орта мектебінің оқушылары да белсене қатысты. Флешмоб мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын, отбасылық дәстүрлерін сақтау, балалар шығармашылығын дәріптеу.

Дата публикации: 30.05.2023