БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ

#Копдмонрк

#СҚОбілімдепартаменті

#Шалақынбілімбөлімі

#Біртұтас_тәрбие

#Атааналардыпедагогикалыққолдауорталығы,

#Даналықмектебі

#Аналар_кеңесі

26- қыркүйек М.Ахметбеков атындағы орта мектебінің ата-аналарына  «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» атты ата – аналар жиналысы өтті.  Күн тәртібінде қарастырылғы мәселе: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру.

Жақында балалар мен жасөспірімдерді басқара алатын және оларды психикалық және физикалық қауіп-қатерге душар ететін қауіпті онлайн ойындар мен топтардың саны артты. Бізді алаңдататын нәрсе – балалар әлеуметтік желілерде түрлі жағымсыз жағдайларға тап болады, кейде тіпті өз өмірлеріне қауіп төндіреді. Бұл отбасы үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін қайғылы жағдай. Әрбір ата-ана балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды әлеуметтік медиа мен интернеттің зиянды әсерінен қорғауы тиіс.

Жиналыс барысында ата- аналарға «Соткадағы бала» бейнеролигі көрсетілді.

Кейін интернеттегі қауіп пен оның алдын алу жолдары айтылды.

 

 

Дата публикации: 26.09.2024