Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні
Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды. Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес. Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі - балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі.
М.Ахметбеков атындағы орта мектебінің бүлдіршіндері үшін де осы күн ерекше есте қалары сөзсіз. Мектеп директоры балаларды осынау мереке күні мектеп жанындағы «Балдәурен» сауықтыру алаңының ашылуымен құттықтап, игі тілегін білдірді. «Аютас» селолық округінің әкімі Серік Қабиденович Шаиновтың атынан тәттілер таратылды. Бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектеп алаңында өткізілген мерекелік бағдарлама бүлдіршіндер көңілінен шықты.
Мереке табиғатқа серуенмен жалғасып, балалар ол жақта әр түрлі қозғалмалы ойындар ойнап, таза ауада тамақ ішіп, үйлеріне көтеріңкі көңіл – күймен тарқасты.
 
 
 
 
 
 
 
 
Дата публикации: 01.06.2022