«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Менің Қазақстаным» апта сайынғы іс-шарасы
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Менің Қазақстаным» апта сайынғы іс-шарасын іске асыру мақсатында сәуір айының 6-сы мектеп оқушылары мен ұжым мүшелері сап түзап, Қазақстан Республикасының гимнін орындады. Оқушылар мен ұстаздар өткен аптадағы жетістіктерімен марапатталды. Мектепішілік кезекшілік 8-сыныпқа тапсырылды. Ай атауы «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік», апта дәйексөзі: «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді».
Дата публикации: 06.04.2026