Жемқорлыққа қарсы тұру

Жемқорлыққа қарсы тұру – Қазақстан саясатындағы аса маңызды стратегиялық басымдықтың бірі әрі бірегейі. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың үлкен орын алатындығы айтпаса да түсінікті. Осыған орай мектептің тәрбие жоспарына сәйкес қаңтар айының 20-сы аға тәлімгар Абильмажинова Ә.Ж. «Адал ұрпақ» клубы мүшелеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио, бейнероликтер көрсетті. Мақсаты: оқушылар бойында жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру, құқықтық сана мен мәдениеттің деңгейін арттыру.

 

Дата публикации: 20.01.2023