Терроризмге қарсы оқу – жаттығу іс – шарасы

М.Ахметбеков атындағы орта мектебінде 12 –інші мамыр күні терроризмге қарсы оқу – жаттығу іс - шарасы жүргізілді. Оқу – жаттығудың мақсаты: қауіп – қатердің алдын алу жұмыстарын пысықтау. Іс – шараға оқушылар, мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері қатысты. Мектепте дабыл қағылып, оқушылар мен қызметкерлерді эвакуациялау жұмысы іске асырылды. АӘД ұйымдастырушысы Галымов Б.Е. оқушылар мен қызметкерлерге қауіп – қатер кезінде өзін ұстау бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.

 

 

Дата публикации: 14.05.2023