«Бақытты балалық шақ»
1 маусым – баларды қорғау күні қарсаңында аудан орталығы Сергеевка қаласында «Бақытты балалық шақ» атты үлкен мереркелік іс – шара өтті. Іс – шараға тартылған талантты балалардың қатарында М.Ахметбеков атындағы орта мектебінің «Айгөлек» би тобы да бар. Көркемдік жетекшісі Баяхметова Әсел Маратовна. Бұл би тобында мектебіміз бен ауданда өтетін кез келген концерттік бағдарламаның сәнін келтіріп, өнерлерімен елге сүйкімді болып жүрген қыздар оқуда озат, жан – жақты оқушылар. Осы оқушыларымызға алдағы уақытта да қанаттары талмай, биікке самғай берулеріне тілектеспіз. Жетекшілері Әсель Маратовнаға шығармашылық табыс, таусылмас фантазия, энергия тілейміз.
 
 
 
 
 
 
 
 
Дата публикации: 01.06.2022