15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні. БҰҰ 1993 жылы осындай шешім қабылдаған, содан бері әлемнің көптеген елінде тойланып жүр. Отбасы – қоғам мен мемлекеттің негізі, даму мен тұрақтылықтың көзі. Сол себепті мемлекет оны қорғауға үлкен мән береді. Мерекенің мақсаты – қоғам назарын отбасы саласындағы проблемаға аудару. Отбасы – өте көпқырлы институт, қоршаған ортаға сай дамып отырады: елу жыл бұрынғы отбасылық қарым-қатынастағы қағидалар қазіргі заманда ешқандай маңызды рөл атқармайды.

Әлемде отбасының негізгі міндеті балаларды өсіру, оларға лайықты білім беру және адамзаттың қилы қатынастар әлемінде өз орнын табуға көмектесу, сол үшін отбасы берік және сенімді тірек болуы тиіс деген ұғым қалыптасқан.

Атаулы мереке қарсаңында М.Ахметбеков атындағы орта мектебінің оқушылары да өз отбасыры туралы видеороликтер түсіріп, коллаж жасады.

Дата публикации: 15.05.2023